BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 319.68 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 392.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.63
Астана:

Қарағанды облысындағы жолдарды жөндеуге 39 млрд теңге жұмсалады

2018 жылы Қарағанды облысында жол инфрақұрылымын жетілдіру жұмыстары жалғасады. Облыс әкімі Ерлан Қошановтың мәліметінше, жолдарды жөндеуге 39,1 млрд теңге бөлінеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қарағанды облысы үлкен транзиттік әлеуетке ие. Бүгінгі таңда біз бұл артықшылықты толық пайдалануға міндеттіміз. Мемлекет басшысының жергілікті жол желісін жөндеу туралы тапсырмасы бар. Өткен жылы біз осы тұрғыда көп жұмыс жасадық. 33,5 млрд теңге сомасына 863 км тас жолы жөнделді», - деді Ерлан Қошанов Мемлекет басшысының Қазақстан халқына «Төртінші индустриалды революция жағдайында жаңа даму мүмкіндіктері» атты Жолдауын талқылау барысында.

Қала әкімі Қарағанды-Жезқазған, Қарағанды-Қарқаралы қалаларында жөндеу жұмыстары жүргізілгенін еске салды. Сонымен қатар, Қарағанды қаласының солтүстік және шығыс аумақтарында құрылыс жұмыстарының қарқынды жүріп жатқанын атап өтті.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
21 Ақпан 2018, 11:29
Теңге бағамы төмендеді
Пікірлер