BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 364.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.99 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.55
Астана:

Қарағанды облысында химия бойынша республикалық олимпиада өтті

Фото: karaganda-region.gov.kz

Астана, BAQ.KZ. Үздік жас химиктерді республикалық олимпиадада анықтады. Танымал ғалым Қаныш Сәтпаевтың құрметіне өткен зияткерлік сайыстар осымен екінші рет өткізілуде. Биылғы жылы олимпиадаға қатысушыларды Жезқазған қаласы қабылдады. Шараны ҚР білім және ғылым министрлігінің қолдауымен Қарағанды облыстық әкімдігі ұйымдастырды. Бұл туралы қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

Химия бойынша білім сайысы тоғызыншы сынып оқушыларының арасында өтті. Олимпиадаға республикамыздың түпкір-түпкірінен, Назарбаев зияткерлік мектептерінен және республикалық білім ұйымдарынан 70-тен астам оқушылар жиналды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді ҚР БҒМ дипломдарымен марапаттады. Сондай-ақ Қарағанды облысы және Жезқазған қаласы әкімдерінің сыйлықтары табыс етілді. Кейбір қатысушыларға грамоталар мен жұбаныш сыйлықтар берілді.

Екінші және үшінші деңгейлі диплом иегерлері арасында үш қарағандылық бар: Нұрбол Талғат ( «Жезқазған қ. Бiлiм-Инновация» лицей-интернаты); Диана Сафина (Жезқазған қ. №1 ЖББМ); Жанбике Абат (Н. Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-интернаты).


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер