BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 375.9 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 423.56 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.55
Астана:

Қара күшті қажет ететін еңбектің қаупі анықталды

Амстердам университетінің ғалымдары қара еңбекпен шұғылданатын ер адамдар офисте отырып жұмыс істейтіндерге қарағанда ерте қайтыс болатынын анықтады, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі MedicalXpress басылымына сілтеме жасап.

Мамандар кәсіби физикалық белсенділік пен өлімнің байланысын қарастырған 2,4 мыңнан аса ғылыми жұмысқа сараптама жасады. Бұл зерттеу 1960-2010 жылдар аралығында жүргізілді. Оған 193 696 адам қатысқан 17 рецензияланған зерттеу жұмысының деректері пайдаланылды.

Сонда қара күшті қажет ететін еңбек ер адамдардың 18 пайызында өлім қаупін күшейтетін болып шықты.

Ал әйелдерде бұл жағдай керісінше – қыз-келіншектердің физикалық тұрғыдан белсенді болуы олардың өлім ықтималдығын төмендетеді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер