BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 345.55 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 401.01 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.45
Астана:

Ғалымдар психопаттардың адамды қалай алдай алатынын айтты

АҚШ-тағы Йель университетінің ғалымдары психопаттардың басқа адамдардың уайымын түсіне алмайтынын, бірақ олардың өзіне баурап, қаратып алатын қабілеті бар екенін анықтады. Мамандардың осы туралы зерттеу жұмысы Proceedings of the National Academy of Sciences журналында жарияланды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі life.ru басылымына сілтеме жасап.

Зерттеу компьютер ойыны арқылы жүргізілді. Оның барысында психопаттар өздерінің айналасындағы адамдардың көңіл-күйіне объективті баға бере алмайтыны белгілі болды. Ал, ол – әлеуметтік қарым-қатынас кезінде адам үшін ең негізгі қабілеттердің бірі.

Мұнымен қоса, ғалымдар тағы бір қорытынды шығарды. Егер психопаттардан өзгелердің ойына баға беріңіз деп аяқ астынан, әдейі сұраса, онда олар бұл тапсырманы оңай орындайтын болып шықты.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер