BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 366.86 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 424.49 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.6
Астана:

Ғалымдар мотоциклдерден шығатын газдардың қауіпті екенін айтты

Заманауи мотоцикл қозғалтқыштарының газдары, дизельді автокөліктерге қарағанда қоршаған орта мен адам денсаулығына қауіпті. Бұл тұжырымды Приморьедағы Қиыр Шығыс федералды университетінің ғалымдары жасады, деп хабарлайды Baq.kz ақпараттық агентігі Риа Новости сайтына сілтеме жасап.

«Мотоциклдердің қозғалтқыштары қоршаған ортаға қауіпсіз деп айта алмаймыз. Оларды жасау және сатудағы ғаламдық өсім, әсіресе, Азия мен Африкада жоғары. Қозғалтқыштардың ішкі жануы кезінде ыдыраған қалдық өнімдері экологияға теріс әсер етеді», - деп хабарлады университеттің баспасөз қызметі.

Тіпті зиянды газдарды болдырмайтын жүйемен жабдықталған заманауи мотоцикл қозғалтқыштарындағы көп қосылыстар канцерогенді болып жіктеледі. Бұдан мутация не болмаса адамның дамуында бір кемшіліктер болуы мүмкін. Сонымен қатар, ғалымдардың пікірінше, күн сәулесімен қосылған 0,5-тен 2,5 мкм-ға дейінгі улы газдар түрлі микро-климаттық әсерлерді тудырады. Мотоциклдер мен скутерлерден қоршаған ортаға бөлінетін улы газдар дизельдік автокөліктерден бөліненетін газдарға қарағанда әлдеқайда зиян.

«Зерттеу нәтижесі бойынша төрт сатылы инжекторлы мотоцикл қозғалтқыштары, екі сатылы және карбюраторлы қозғалтқыштарға қарағанда экологиялық қауіпсіз екені анықталды. Сонымен қатар, ғалымдар 2020 жылға қарай екі сатылы скутер қозғалтқыштары Еуропада ластанудың неғұрлым елеулі көзі болады», - делінген хабарламада.

Приморьедегі зерттеуде қозғалтқыш және отын жүйелері әртүрлі бар 44 мотоцикл, скутер, төрт велосипед пен су мотоциклдері пайдаланылды. Жұмыстың нәтижелері токсикология туралы ғылыми журналда жазылды. Зерттеуді Қиыр Шығыс федералды университетінің докторы, Ресей ғылым академиясының шетелдік мүшесі Аристидис Тсатсакис және ғылыми жұмыс жөніндегі проректор, биология ғылымдарының докторы Кирилл Голохваст басқарған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер