BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Ғалымдар моншаға жиі түсудің денсаулыққа әсері туралы айтты

Саунаға тұрақты барып тұру көптеген аурудың қаупін төмендетіп, өмірді ұзартуға жағымды ықпал етеді. Шығыс Финляндия университеті медиктері өздері жүргізген зерттеуден осындай қорытынды шығарды. Зерттеу нәтижесі The Conversation ғылыми басылымына жарияланған. Ол туралы РИА Новости қысқаша баяндайды.

Финляндия мен Ұлыбританияның бір топ ғалымы 1620 ер адамның денсаулығын 24 жыл бойы бақылаған. Нәтижеде медиктер аптасына 4-7 рет саунаға бару қан қысымы жоғарылау қаупін 50% төмендетеді деген қорытындыға келді. Олардың айтуынша, мұның себебі мынада: ыстық температура жүрек қағысын жиілетіп, терідегі қан тамырларын кеңейтеді. Бұл қан айналымын жақсартады.

Сонымен қатар зерттеу пневмония және басқа да тыныс жолдары ауруларына шалдығу азайғанын көрсеткен. Сауна мұндай аурулар қаупін не себепті төмендететіні әзірге дәл анықталған жоқ, әйтсе де ғалымдардың жорамалы бойынша, жылы ауа өкпеде сұйықтық жиналуына жол бермейді және вентиляцияны жақсартады.

Айта кететін нәрсе, осыған ұқсас зерттеу қорытындысы 2015 жылы да жарияланған. Ол кезде ғалымдар 2300 ер адамның денсаулығын 25 жыл бойы қадағалаған болатын. Нәтижеде саунаны жақсы көретіндер инсульт және жүрек-қан тамырлары ауруларына, кейін пайда болатын жарыместікке әлдеқайда аз шалдығатыны және ұзағырақ өмір сүретіні дәлелденген.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер