BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 359.76 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 423.26 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.47
Астана:

Ғалымдар: Сүйіктісін жоғалтқан ерлі-зайыптылардың өлу қаупі 41% жоғары

Ғалымдар ерлі-зайыптылардың біреуінің өлімі екіншісін жүрек-қан тамырлары ауруларына шалдықтыратынын анықтады. Мамандардың бұл тұжырымдамасы көптеген қауіпті аурулардың алдын алуға көмектеседі, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Сүйіктісінің өлімі кез келген адам үшін ауыр тиетіні жаңалық емес. Алайда осы күнге дейін ғылым мұның қалай жүзеге асатынына қатысты ақпарат бермеген-ді. Жуырда ғалымдар отбасылық қиындықтардың жүрек-қан тамыр жүйесіне кері әсерін қалай тигізетінін анықтады.

Жоғарыда аталған ауру түрі әлем бойынша көптеген өлімнің себепшісі екені белгілі. Жүрек аурулары тобында ең қауіптісі – ишемиялық (қанның бір жерде азаюы) түрі. Дәлірек айтсақ, миокард жұмысының бұзылуы.

Ғалымдар 51-80 жас аралығындағы 65 адамның көрсеткішін зерттеді. Эксперименттің 32 қатысушысы жесір болған. Ал қалған 35 қатысушыны ғалымдар салыстырмалы зерттеу жүргізу үшін ғана алған. Мамандар зерттеу жұмысын жүргізу барысында салмақ, жас және денсаулық жағдайын ескерген.

Жесір адамдардың жүрек соғысы қалған топ мүшелеріне қарағанда 47% төмен. Зерттеу жұмысы, сондай-ақ, жесір адамдардың қан құрамында TNF-альфа цитокинінің 7%, ал 6 (IL-6) интерлейкинінің 5% көп екені анықтады. Сондай-ақ, жесір адамдарда күйзеліске шалдығу қаупі 20% жоғары екені белгілі болды.

TNF-альфа жасушаларды өлтіреді. Ал 6 интерлейкині тері күйіп, жарақат алғанда шешуші рөл атқарып, ісіндіреді. Сондай-ақ, оның қан құрамында көп болуы ағзаға аутоиммундық реакция бергізеді.

Жалпы ғалымдар қосағын жоғалтқан ерлі-зайыптылардың алғашқы алты ай ішінде өліп кету қаупі 41% жоғары екенін анықтады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер