BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 374.2 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.34 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.52
Астана:

Ғалымдар әлемдегі ең сасық иістерді атады

Фото: whatflower.ru

ScienceAlert ғылыми портал ғалымдардың бұған дейін жүргізген зерттеулеріне негізделіп, әлемдегі ең сасық бес иісті анықтады, деп хабарлайды Baq.kz агенттігі РИА Новости порталына сілтеме жасап.

Бірінші орында күкіртті сутек тұр. Оның иісі бұзылған жұмыртқа мен уранның иісіне ұқсас келеді.

Тізімдегі екінші орында дуриан атты жеміс орналасты. Оның құрамында 44 белсенді хош иіс қосындылары бар. Ол бір сәтте бұзылған жұмыртқадан карамель иісіне дейін түрленіп отырады.

Ал үшінші орынға ғалымдар Раффлезия Арнольда гүлі лайықты деп тапқан. Оның иісі шірінді мен балық иісіне қатты ұқсас келеді. Бұл гүл осылайша оны тозаңдататын жәндіктерді өзіне тартады.

Төртінші орында иісі ең нашар тағам – Вье Булонь жайғастырылды. Бұл бестікті құмырсқа жегіш жануар тұйықтап тұр. Ғалымдардың айтуынша, оның иісі сасық иіс атты жануардың исінен де әлдеқайда жағымсыз. Бұл өз кезегінде жануардың жыртқыштардан қорғанатын қалқаны ретінде қызмет етеді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер