BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 374.2 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.34 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.52
Астана:

Ғалымдар: 2017 жыл – тарихтағы ең жылы кезеңнің бірі

Климат туралы баяндамада 2017 жыл тарихтағы ең жылы үшінші рекордты уақыт болғаны айтылған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі CNN басылымына сілтеме жасап.

Былтырғы жыл Жер шарындағы ең жылы уақыттың бірі ретінде тіркелді. Нақтырақ айтар болсақ, Тынық мұхитын жылытатын Эль-Ниньо атты климаттық құбылыс былтыр өте аз мөлшерде байқалды. Бұл туралы 500-ден астам климотолог ғалымдар мен Америкалық метеоролия қауымдастығы, сонымен қатар Теңіз мен атмосфера басқармасы дайындаған баяндамада айтылған.

Климаттың өзгеруі 2017 жылы ауа температурасының артуына әкелді. Оның ішінде планетамыздың көп жерінде жоғары температура байқалып, теңіз мұзы еріп, теңіз деңгейі артты. Сонымен қатар былтыр мұздықтар көлемінің азаю көрсеткіші де жоғары болды.

Теңіз мен атмосфера басқармасы мамандарының хабарлауынша, былтыр 2016 және 2015 жылдан кейінгі тарихтағы ең жылы үшінші жыл болды. Оның ішінде Испания, Болгария, Мексика, Аргентина секілді мемлекеттерде жыл сайынғы рекордты температураның өсімі байқалды. Мысалы, Аргентинадағы Пуэрто-Мадринде ауа температурасы 43,4 ° C болды. Бұл аталған мемлекеттің оңтүстігінде бүгінгі күнге дейін тіркелген ең жоғары температура болып отыр. Ал Пәкістанда ауа температурасы 53,5C-қа жетіп, рекордты межені көрсетті.

Сонымен қатар, ғалымдардың айтуынша, планетаны жылытып тұрған көмір қышқыл газының көлемі де былтырғы жылы 2016 жылмен салыстырғанда артқан. Айта кету керек, 1960 жылдан бастап CO2 көлемі төрт есе артып отыр.

Баяндамада 2017 жылы әлемнің көп жерінде жылы ауа райы болғаны айтылған. Ал былтырғы жылдың мамыр айында Арктикадағы мұздың деңгейі 37 жылдық спутниктік жазбадағы максимум деңгейден төмендеді. Ғалымдардың айтуынша, Арктикада былтыр болған жылу соңғы 2 мың жылда болмаған. Тіпті, Арктиканың кейбір өңірлерінде ауа температурасы өз деңгейінен 3 немесе 4 Цельсий градусқа жоғары болған.

Ауа температурасының артып, күннің жылынуы адамның әсерінсіз де жүзеге асырыла алатын процесс болғанымен, ғалымдардың айтуынша, Жер шарындағы бүгінгі таңдағы климаттың көптеген өзгерістері адам қызметінен пайда болып жатқан парник газдардың әсерінен болып отыр.

Ағылшын тілінен аударған Алтынай Қуанышбек


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер