BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 326 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 382.2 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.29
Астана:

Ғалымдар ұлу жадындағы ақпаратты екінші жәндікке көшірді

Ғалымдардың айтуынша, адам мен ұлудың ұқсастықтары көп. Әсіресе, ми құрылысына келгенде. Жуырда мамандар жаңа зерттеу жұмысын жүргізіп, нәтижесінде ұлу жадындағы ақпараттарды екіншісіне көшірді. Зерттеу нәтижесі eNeuro журналында жарияланды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Теңіз ұлуларының миында барлығы 20 мың нейрон бар, ал адамдарда 100 млрд. Ғалымдар бұл тіршілік иелерін ұзақ уақыт бойы зерттей келе оның қоршаған ортаға бейімделуіне қатысты көптеген тың ақпарат алды. Теңіз жәндіктері сұтқоректілер секілді тіршілік етеді. Оларда тірі қалу процестері оңай өтеді. Дәлірек айтсақ, теңіз ұлуларының жүйкелері адамдардікіндей толқындар таратады.

Лос-Анжелестегі Калифорния университетінің зерттеушілері шок туралы естеліктерді бір ұлудан екіншісіне көшіре алды. Осы зерттеу нәтижесіне сүйене отырып болашақта дәл осындай процесc адамдар арасында жүруі мүмкін деген болжам жасалды.

Ғалымдар бір топ ұлуға тітіркендіргіштерге жауап беруді үйретті. Ол үшін электр разрядын ұлудың құйрығына басты. Бұл жәндіктердің өміріне еш қауіп төндірмеді. Бастапқыда ұлулар электр әсерін бірнеше секунд сезінді. Кейін ғалымдардың көмегінің арқасында бұл әсерді 50 секундке жуық уақыт сезінді.

Мамандар үйретілген ұлулардың жүйкесінен рибонуклейн қышқылын алып, оны жоғарыдағы процеске еш қатысы жоқ ұлуға салды. Оларда разряд алған кезде экспериментке қатыстырылған ұлулар секілді электр әсерін 40 секунд бойы сезінген.

Бұл - көп жылдан бері шешімін таппай келе жатқан мәселелерге нүкте қоятын жаңалық. Себебі, кейбір ғалым естеліктер синапста (жүйке жасушалары аралығындағы кеңістік) сақталады деген пікірде. Тағы бір топ ғалым олар нейрон ядросында орналасқан деп ойлайды. Жоғарыдағы зерттеу жұмысының авторы Дэвид Гланцман ВВС басылымына берген сұхбатында келесідегідей жауап берді:

«Егер естеліктер синапста сақталған болса, біздің экспериментіміз толық жүзеге аспайтын еді», - дейді ол.

Адам баласының есте сақтау қабілетіне қатысты ауруларды емдеу үшін, алдымен, естеліктердің нақты қай жерде сақталатынын түсіну қажет.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер