BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 336.39 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 390.28 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.36
Астана:

Ғалым болашақта мінсіз әйелдің қандай болатынын көрсетті

Мамандардың айтуынша, адамдарға мінсіз болып көрінуге құлағы мен ультракүлгін сәулелер зақымдайтын терісі кедергі жасайды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі korrespondent.net сайтына сілтеме жасап.

Бритоль университетінің анатомия және антропология профессоры Элис Робертс болашақта «мінсіз» әйелдің қандай болатынын көрсетті. Маманның айтуынша, қазіргі әйелдердің бірқатар кемшілігі бар. Ол – құлағы, терісі және баласын салып қоятын «табиғи сөмкесінің» жоқтығы.

Робертстың айтуынша, ультракүлгін сәулелер адамның терісін қатты зақымдайды. Осы тұста бақа терісі жақсы альтернатива болатын еді. Сондай-ақ, көмірқышқыл газынан тез арылатын құстар адамдарға қарағанда әлдеқайда мінсіз болып шықты. Мұнымен қатар, Робертс болашақ әйелдерге жарқанаттардың құлағы мен кенгуру сөмкесі керек болады деген пікірде.

«Жасаған экспериментімнің 3D-моделін көрген кезде айқайлап жібердім», - деді зерттеу авторы.

Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін ғалымдардың адам асқазанынан екінші миды тапқаны туралы хабарлаған едік.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер