BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 327.42 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 383.51 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.29
Астана:

Фастфуд әйелдерді бедеулікке шалдықтырады – ғалымдар

Мамандар 5 598 жүкті әйел арасында сауалнама жүргізіп, фастфуд пен жеміс-жидектің нәзік жандылардың бедеулікке шалдығуына қалай әсер ететінін анықтады. Зерттеу жұмысы Human Reproduction журналында жарияланды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Австралия және Ұлыбритания ғалымдары бірігіп зерттеу жүргізіп, нәтижесінде фастфуд пен күнделікті рационда жеміс-жидектің жетіспеушілігі бедеулікке шалдықтыратынын анықтады.

Жаңа зерттеу жұмысының авторлары Ұлыбритания, Австралия және Жаңа Зеландия мемлекеттерінің 5 598 тұрғыны арасында сауалнама жүргізді. Жүкті әйелдер өздерінің күнделікті қандай тағамдар тұтынатындарын айтып берді. Сондай-ақ, анкетада жеміс-жидек, көкөніс, балық және фастфудке қатысты сауалдар болған. Кейін осы мәліметтер жұптың балалы болуды жоспарлаған уақытымен қатар қойылып тексерілді. Ал бедеу жұптар тобына бір жыл бала көтере алмағандар кірді. Ғалымдар зерттеу жұмысын жүргізу барысында шылым шегу, алкоголь ішу, әйел жасы және дене массасы индексінің жоғарылығы ескерілді.

Жеміс-жидекті аз жеген әйелдердің 12%-ы көп уақыт бойы бала көтере алмаған. Сондай-ақ, бедеулер тобына аптасына төрт рет фасфуд жеген жеген әйелдер кірді. Олар жалпы сауалнамаға қатысушылардың 16%-ын құрады. Орташа есеппен бургер мен пицца жақсы көретін әйелдер дұрыс тамақтану тәртібін сақтаған әйелдерге қарағанда бір ай кеш жүкті болған. Керісінше күнделікті 3-4 порция жеміс-жидек жеген әйелдер басқаларына қарағанда 2 аптаға ерте бала көтерген. Бір қызығы, балық пен көк шөп әйелдердің жүкті болу мерзіміне еш әсер етпеген.

«Зерттеу жұмысының нәтижесінде әйел адамның ерте жүкті болуына жеміс-жидектің рационда көбейіп, керісінше тез дайындалатын тағамдардың азаюы оң әсерін беретіні анықталды», - дейді бас авторлардың бірі Клэр Робертс (Claire Roberts).

Әзірге ғалымдар фастфудтың бедеулікпен нақты байланысын анықтамады. Осы тақырып төңірегінде жазып жүрген авторлар өсімдік және жануар майлары құрамындағы майлы қышқылдардың аналық жасушаға кері әсерін тигізетінін жазып кеткен болатын.

Басқа ғалымдар тобы дәл қазір жасанды сперматозоидтар жасап шығарумен айналысып жатыр.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер