BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 366.43 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

Еңбек министрлігі: Инклюзивті білім беретін мамандар тапшы

Қазақстанда 147 мыңнан астам бала ерекше білім беруді қажет етеді. Алайда оларға инклюзивті білім беретін мамандар тапшы. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Білім мен ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес 2019 жылға қарай мектепке дейінгі білім беретін ұйымдардың 30%-ы, орта білім беретін ұйымдардың 70%-ы және техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының 40%-ында инклюзивті білім беру жағдайларын жасау жоспарланған. Министрліктің мәліметінше, қазіргі таңда 40 мыңнан астам бала инклюзивті түрде оқып жатыр», - деп мәлімдеді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.

Оның айтуынша, арнайы баяндамашы (Каталина Девандас Агилар – авт.) жалпы білім беретін мектептерге бекітілген 10 мың мүгедек бала іс жүзінде үйде оқитынын және мектепке мүлдем бармайтынын атап өткен.

«Осыған байланысты, Білім және ғылым министрлігі инклюзивті білім беруді дамыту мақсатында: кадрлардың жетіспеушілігі; инклюзивті білім беру жүйесін әдістемелік қамтамасыз ету; кедергісіз орта құру шеңберінде білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту сияқты мәселелерді шешуі қажет», - деді министр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер