BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Елбасының қосымша гранттарды бөлуді тапсырғанына өте қуаныштымын – Сағадиев

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында жоғары білім берудің сапасы мен қолжетімділігін арттыру мәселесін көтеріп, 2018-2019 оқу жылдары қосымша 20 мың білім грантын бөлуді тапсырды.
Осы орайда Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев журналистерге аталған жаңалықты естіп, қуанып қалғанын айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Өте қуаныштымын. 20 мың гранттың 11 мыңы техникалық мамандықтарға беріледі. Оның ішінде бакалавр, магистратура, докторантура да болады. Бәрін қарастырамыз, жоба ретінде Үкімет отырысына енгіземіз», - деді Ерлан Сағадиев ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысы аяқталған соң.

Сонымен қатар министр Мемлекет басшысының 2022 жылға дейін студенттерді толықтай жатақханамен қамту мәселесіне қатысты жұмыстарды жүзеге асыру биыл басталатынын атап өтті.

«Жоғары оқу орны жатақхана салатын болса, онда мемлекет белгілі бір уақыттың ішінде оған жұмсалған қаражатты қайтарып береді. Аталған қаражат республикалық бюджеттен қарастырылатын болады. Бұл жұмыстарды биыл бастауға болады. 5 жылдың ішінде 75 мың орындық жатақхана салуымыз керек. Жобаның жоспарын жасап Үкімет қарауына енгіземіз», - деді министр журналистерге.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер