BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 359 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.1 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.41
Астана:

«Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелдік жоғары оқу орындарының тізімі өзгертілді

Фото: ic24.kz

«Болашақ» бағдарламасы бойынша оқытуға ұсынылатын шетелдік жоғары оқу орындарының жаңа тізімі жарияланды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

2018 жылғы 4 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушы С. Асыловтың бұйрығымен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы №73 бұйрығына өзгеріс енгізілді.

«2018 жылғы «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсы жеңімпаздарының оқуы, тілдік курстардан өтуі үшін ұсынылатын шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының, шетелдік ұйымдардың тізімі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын», - делінген бұйрық мәтінінде.

Толық тізімді adilet.zan.kz сайтынан көре аласыздар.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер