USD 335.71 EUR 357.36 RUB 5.23
Астана:

Білім министрлігі мектептерде ақша жинау мәселесі бар екенін мойындады

Фото: kaz.365info.kz

Мектептерде әр-түрлі жағдайларды сылтау етіп, оқушылардан ақша жинау даулы мәселеге айналғаны белгілі. Бұл туралы бүгін ҚР Білім және ғылым министрінің орынбасары Эльмира Суханбердиева арнайы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Вaq.kz тілшісі.

«Бұған дейін осы мәселеге қатысты министр бір емес, бірнеше рет бұйрық шығарған болатын. Құжаттың мазмұнымен барлық өкілетті орындар танысты. Бірақ қанша жерден тыйым салынса да, мәселе шешімін таппай отыр. Дегенмен мұндай жағдай тіркеле қалған жағдайда біз дереу жергілікті әкімшілік және атқарушы органдармен бірлесіп қатаң шара қолданамыз. Мұндай жағдайды болдырмау үшін ата-аналарды да жұмыла жұмыс істеуге шақырып отырмыз»,- деді арнайы брифингте вице-министр.

Ал осы мәселе турасында Астана әкімі Әсет Исекешев Facebook-тегі жеке парақшасында: «Мектептерде ақша жинау мәселесіне қатысты арнайы комиссия жұмысын бастады. Кез келген жағдай жіті назарға алынатын болады. Біз бұл мәселені тексереміз. Даулы мәселе төңірегінде кез келген тұрғынмен кездесіп, пікірлесеміз. Қалада қанша мектеп болса, соның барлығы бақылауда болады», - деп жазды.

Кез келген ата-ана білім басқармаларының сайтына кіріп, қажетті ақпаратты ала алады.

Мектепте ақша жиналып жатқандығынан хабардар бола қалсаңыз, Астана қаласы бойынша мына сенім телефондарына хабарласуға болады: 55-01-62, 87782550162

Ұқсас сілтемелер:
04 Желтоқсан 2016, 16:00
Жылу іздесең Қарағандыға бар
Пікірлер2
samal
Салеметсйздерме! Бйзде балабакшада жылында бйр лет 4000акша жиайды сол дурыспа.Балаларына кайшы,турлй тустй кагаз, ойыншыктар аламыз деп жинайды. Жинауға болама.жокпа.
samal
Салеметсйздерме! Бйзде балабакшада жылында бйр лет 4000акша жиайды сол дурыспа.Балаларына кайшы,турлй тустй кагаз, ойыншыктар аламыз деп жинайды. Жинауға болама.жокпа.
Енді сиздин баланызга қайшы қағазды қим алып беру керек ,жынды сұрақтар қосындар

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады