BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 367.3 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.68 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

Білім министрі: Алдағы жылы колледждерде оқу мерзімі қысқарады

Фото: Qamshy.kz

Астана. BAQ.KZ тілшісі. Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев 2019 жылдан бастап колледждерде оқу мерзімі қысқаратынын мәлімдеді.

Ведомство басшысының айтуынша, жаңа оқу жылынан бастап, колледждердегі студенттер бұрынғыдай 4 жыл емес, 2 жыл оқиды екен.

«Келе жылдан бастап колледждерде оқу мерзімі қысқарады. Яғни колледждердегі оқу бағдарламаларында қарастырылған кредиттер жоғары оқу деңгейіндегі бейіні сәйкес келген уақытпен есепке алынады. Нәтижесінде колледж студенттері бұрынғыдай 4 жыл емес, 3-2 жыл ғана оқиды», - деді министр журналистерге Үкімет отырысынан шыққан соң.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Үкімет отырысында Ерлан Сағадиев келесі жылдан бастап ҰБТ-ны бірнеше рет өткізілетінін хабарлады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер