Білім гранты иегерлерінің толық тізімі жарияланды - Білім & ғылым|06 Тамыз 2018, 10:14
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 363.28 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 414.25 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.44
Астана:

Білім гранты иегерлерінің толық тізімі жарияланды

Мемлекеттік білім гранттарын тағайындау бойынша республикалық конкурстық комиссия өз жұмысын аяқтады. Бүгін грант иегерлерінің толық тізімі онлайн түрде жарияланды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің ресми мәліметінше, жоғары оқу орындарының білім беру гранттарын тағайындау бойынша республикалық конкурстық комиссия өз жұмысын 5 тамыз күні аяқтады. Ал, бүгін сағат 10.00-де грант иегерлерінің ТОЛЫҚ ТІЗІМІ жарияланды.

Атап өтсек, Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес «Бес әлеуметтік бастама» шеңберінде биыл гранттар саны 20 мың орынға көбейтілді. Оның 11 мыңы техникалық мамандықтарға, оның ішінде ақпараттық технологиялар, робототехника және нано-технологиялар саласындағы мамандарды даярлауға, 5 мыңы – еңбек нарығына қажет басқа да мамандықтарға, 3 мыңы – магистрлерді, 1 мыңы PhD докторларын даярлауға бағытталды. Осылайша, жоғары білім алу үшін білім гранттарының саны 53 594 грантқа дейін жеткізілді.

Оның ішінде, 50 944 грант 1 курсқа қабылдау үшін, 2650 орын – жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдері үшін бөлінді.

Аталған басымдықтарды ескере отырып, 24 737 грант техникалық ғылымдар және технологиялар мамандықтарына, 9 499 грант - білім, 2 785 грант – ауылшаруашылық және ветеринария мамандықтарына, 2 700 грант – медицина (денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету) мамандықтарына, 1 450 – гуманитарлық ғылымдар мамандықтарына, 100 – құқық мамандықтарына, 300 – өнер мамандықтарына, 1 780 – әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес мамандықтарына, 3 246 – жаратылыстану ғылымдары мамандықтарына, 2 330 – қызмет көрсету мамандықтарына және 500 грант әскери іс және қауіпсіздік мамандықтарына қарастырылды.

Бұл ретте мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға жіберілген жоғары оқу орындарының тізімі кеңейтілген. Білім грантын тағайындау конкурсына 75430 адам қатысуда, оның ішінде 60327 адам – қазақ тіліндегі оқу бөліміне, 14810 адам – орыс тіліндегі оқу бөліміне, 293 адам - ағылшын тіліндегі оқу бөліміне тапсырған.

«Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» жобасы шеңберінде квота бойынша оқуға 5494 адам конкурсқа қатысуда.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер