Білім гранты иегерлерінің тізімі бүгін жарияланады - Білім & ғылым|06 Тамыз 2018, 09:37
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 363.28 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 414.25 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.44
Астана:

Білім гранты иегерлерінің тізімі бүгін жарияланады

Мемлекеттік білім гранттарын тағайындау бойынша республикалық конкурстық комиссия жұмысын аяқтады. Бүгін грант иегерлерінің толық тізімі онлайн түрде жарияланады, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің Facebook желісіндегі ресми парағында келесідей ақпарат жарияланды:

«Құрметті талапкерлер мен ата-аналар! ЖОО білім беру гранттарын тағайындау бойынша республикалық конкурстық комиссия өз жұмысын 5 тамыз күні аяқтайды. Отырыстар қорытындысы бойынша білім гранттары иегерлерінің толық тізімі 6 тамыз күні сағат 10.00-де жарияланады. Грант иегерлерінің тізімі келесі сілтемелер бойынша қолжетімді болады:
https://egemen.kz/
https://kazpravda.kz/
www.testcenter.kz
@testcenterBot телеграм бот

Білім беру гранттары иегерлерінің тізімі биыл электронды түрде жарияланатындығын естеріңізге саламыз. Тізіммен жоғарыда көрсетілген сілтемелер бойынша өтіп, таныса аласыздар».

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер