Білім басқармасында сұранысқа ие мұғалімдерді атады - Білім & ғылым|10 Тамыз 2018, 15:11
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 360.87 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 410.27 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.4
Астана:

Білім басқармасында сұранысқа ие мұғалімдерді атады

Фото: zedni.com

Бүгінгі таңда Астанада мектепке дейінгі білім беретін тәрбиешілер, бастауыш сынып мұғалімдері, орыс тілі, ағылшын тілі, әдебиет, математика пәндерінің мұғалімдері тапшы, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жұмыс іздеп жүрген мұғалімдер үшін әр сенбіде бос орындар жәрмеңкесі өткізілетін болады.

Алғашқы үміткерлер әңгімелесуге 11 тамызда № 31 мектеп-гимназияда (Кеңесары к-сі, 49) және № 84 мектеп-лицейде (Ұлы дала д-лы, 7/1) келе алады.

Жәрмеңкені өткізу уақыты: сағат 10:00-ден сағат 13:00-ге дейін.

Айта кетейік, мұндай жәрмеңкелер әр сенбі күні (11, 18 және 25 тамызда) өтетін болады. Қазіргі таңда Астанада мектепке дейінгі білім беретін тәрбиешілер, бастауыш сынып мұғалімдері, орыс тілі, ағылшын тілі, әдебиет, математика пәндерінің мұғалімдері тапшы.

Болашақта елорда мектептерінде жұмыс істейтін жас мұғалімдер хостелдер мен жатақханаларда тұра алады. Алдағы уақытта жас отбасыларға шағын габаритті пәтерлердің құрылысы жүргізіледі деп жоспарлануда.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер