BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 370.55 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 421.76 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.57
Астана:

Барлық ата-анаға білім беру ақпараттық жүйелерімен жұмыс жасауды үйретеміз 

Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Үкімет отырысында халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру мәселелері туралы баяндады, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Цифрлық Қазақстан бағдарламасының аясында министрлік жүйелі жұмыс жүргізуде. Жыл сайын ақпараттық техноогияларды қолдану бойынша біліктілігін арттыру курстары өткізіледі. Биыл 110 мың мұғалім оқытылды. Өткізілген курстарда білім беру ұйымдарының педагогтары цифрлық білім беру ресурстармен жұмыс істеуге үйретілген. Бәрі egov үкіметінің электрондық порталында жұмыс істеуге оқытылған», - деді ол.

Министрдің айтуынша биыл мамыр айында барлық облыстарда 1 млн 600 мың ата-ананың қатысуымен республикалық деңгейде ата-аналар кездесуі, сондай-ақ цифрлық білім беру ресурстары, «Күнделік» электрондық журналымен, мобильді қосымшалармен жұмыс істеу, egov-пен жұмыс істеуге үйрету оқыту-семинарлары өткізілді. Министрлік жыл соңына дейін білім беру ұйымдарының 260 мың мұғалімі және барлық ата-ананы білім беру ақпараттық жүйелерімен жұмыс жасауды оқытуға 100 пайыз қамтуды жоспарлап отыр.

«Информатика пәні биылдан 3-сыныптан басталып отыр. Келесі жылдан бастап 1-ші және 2-ші сыныптарға енгіземіз. Апробация жұмыстары басталды. Информатика пәні колледждерде және ЖОО-ларда міндетті түрде барлық студенттерге өткізіледі. Білім саласының басты мақсаты ол – оқушылардың және мұғалімдердің ақпараттық-коммуникациялық технологияларды жоары деңгейінде беру, осы жұмыс тұрақты бақылауда», - деп сөзін түйіндеді Сағадиев.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер