BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 369.35 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 421.47 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.57
Астана:

Бақытжан Сағынтаев оқушылардың жүктемесі мен психологтардың жалақысына қатысты пікір білдірді

Фото: Qamshy.kz

Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев Екібастұз қаласында болған іссапары барысында оқушылардың жүктемесі мен психологтардың жалақысына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Baq.kz аймақтағы тілшісі.

Бақытжан Сағынтаев кеншілер шаһарының №36 мектеп-лицейіне ат басын тіреп, ұстаздар қауымымен кездесті. Бұл білім ошағы мультимедиалық, робототехника кабинеттерімен, төрт зертханамен, екі компьютер сыныптарымен және көпфункционалды спорт залымен жабдықталған. Кездесу барысында ұстаздар бүгінгі оқушылардың жүктемесі мен педагогтардың жалақысы туралы сұрақтарын қойды.

Нақтырақ айтқанда, оларды Елбасының тапсырмасымен оқушылардың жүктемесін азайту бойынша қандай іс тыңдырылып жатқаны қызықтырды.

Үкімет басшысы бір апта бұрын жаңа типтік ережелер енгізілгенін алға тартып, енді қамқоршылық кеңес өз еркімен жаңа оқу жоспарын таңдай алатынын жеткізді.

«Жаңа типтік бағдарлама бойынша 10-сынып оқушысы аптасына 26 сабақ оқи алады. Яғни, оқушыға қажет пәндерді ата-анасы мен мектеп басшылығы келісіп таңдайды. Осылайша, бескүндік оқу үрдісі жүзеге асырылады. Бірақ, кішігірім мәселе бар. Басқаша айтқанда, мұғалімнің сағаттары азайып, жалақы төмендейді. Біздің мақсатымыз – мектептерге еркіндік беру. Оқу үрдісін оңтайландырудан үнемделетін қаржыны ұстаздарға сыйақы ретінде қалдыруға болады», - дейді Бақытжан Сағынтаев.

Мектеп ұстаздары психолог пен әдіскер мамандардың жалақысына қатысты алаңдаушылық білдірді. Себебі, мұғалімдердің жалақысы өскенмен, басқа мамандардың айлығы өзгермеген. Олардың айтуынша, жақсы психолог-мамандардан айырылу қаупі бар. Үкімет басшысы бұл мәселе жіті бақылауда екенін айтты. Сондай-ақ, бүгінгі білім беру жүйесінде психологтардың жұмысы аса маңызды екенін жеткізді.

Еске сала кетсек, кеше Екібастұз қаласындағы көпқабатты үйдің бесінші қабатынан екі 15 жасар қыз секіріп кеткен. Жасөспірімнің біреуі ауруханаға жетпей қайтыс болса, екінші қыз бала жансақтау бөлімінде жатыр.

Еске сала кетсек, бүгін Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев Елбасының тапсырмасымен Ертіс өңіріне жұмыс сапарымен келді. Түс ауа ол Павлодар түсті металлургия колледжі, облыстық жедел-жәрдем станциясы және оқушылар сарайын араламақ.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер