USD 334.31 EUR 355.17 RUB 5.31
Астана:

БАҚ туралы жаңа заң жобасы Парламент қарауына енгізіледі – Д.Абаев

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Бұқаралық ақпарат құралдары туралы жаңа заң жобасы келесі жылы Парламент қарауына енгізіледі. Бұл туралы бүгін 9 айдың жұмысын қорытындылаған ҚР ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Министрлік БАҚ, телерадио xабарларын тарату, байланыс және ақпараттандыру мәселелеріне қатысты заңнаманы жетілдіруге бағытталған заң жобасының тұжырымдамасын әзірледі. Тұжырымдама жобасы аясында 4 кодекс пен 12 заңға өзгерістер енгізу көзделіп отыр. Тұжырымдама кеңінен талқыланды. Сыни пікірлердің барлығы ескерілді. Жақын арада заңның жобасын жариялаймыз. Келесі жылдың бірінші жартыжылдығында заң жобасы Парламент қарауына енгізіледі. Сол үшін құжатты xалықпен кеңінен талқылау жөнінде тапсырма берілді», - деді Д.Абаев.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады