BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 368.28 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.21 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Байқоңыр ауданында жаңа мектептер ашылады

Фото: egemen.kz

Астана, BAQ.KZ. Тұрғындардың алдында есеп берген Байқоңыр ауданының әкімі Ерлан Каналимов білім саласына қатысты 2019 жылға арналған жоспарлармен бөлісті. Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

2019 жылы жаңа оқу жылының қарсаңында екі жаңа мектептің құрылысы аяқталмақ. Олардың әрқайсысы 900 орынға арналған. Жаңа мектептер Сейфуллин- Омаров және Иманов-Брусиловский көшелерінің қиылыстарында бой көтереді.

Е. Каналимовтың айтуынша, келесі жылы № 8 орта мектепте жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстары аяқталады. Аталмыш оқу орнының оқушылары әзірге қаланың басқа 3 мектебінде білім алуда.

Қазіргі таңда ауданда 2 ЖОО, 8 колледж, 18 мектеп пен 16 мемлекеттік балабақша бар. 2019 жылы 6 балабақшада жөндеу жұмыстары жүргізіледі деп жоспарланған. Сондай-ақ, 18 білім беру нысанының жанында жол таңбалары мен бағдаршамдар орнатылмақ.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер