BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 327.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 386.74 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.34
Астана:

Астананың үздік мұғалімі анықталды 

Бүгін Оқушылар сарайында Астана қаласындағы ең үздік мұғалім анықталып, байқау финалистері «Үздік педагог- 2018» республикалық cайысқа жолдама алды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Астана қаласы білім беруді жаңғырту орталығы директорының орынбасары Нұржамал Әзімбайдың айтуынша, байқауға қатысуға 51 мұғалім өтініш білдірген.

«16 мамыр мен 19 мамыр аралығында Астана қаласының білім беруді жаңғырту орталығы және білім басқармасы қала көлемінде техникалық білім беру, орта білім беру, мектепке дейінгі және қосымша білім беру ұйымдарымен «Үздік педагог- 2018» байқауын өткізіп жатыр. Бірінші кезеңде бізге 51 мұғалім өз жұмыстарын тапсырды. Байқаудың қорытынды кезеңіне 3 кезеңде ең үздік нәтижелерді көрсеткен 8 конкурсант қатысты. Сол 8 мұғалімнің ішінен «Ең үздік мұғалім-2018» анықталып, республикалық байқауға қатысуға жолдама алды», - деді ол.

№9 Зерде математика мектебінің мұғалімі Күшай Тердікбай байқаудың бас жүлдесіне ие болып, 1 745 000 теңге сомасында қаржылай сыйақыға ие болды. 1-орын алған №68 мектеп-лицейіндегі тарих орта мектебінің мұғалімі Жанар Сабанбаевға 1 654 000 теңге, 2-орын алған №68 мектеп-лийеціндегі қазақ тілі және әдебиеті мектебінің мұғалімі Қуаныш Қаласоваға 1 561 000 теңге, 3-орын иегері №66 мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Меруерт Қабиеваға 1 012 000 теңге табысталды.

Байқау нәтижелері бойынша әртүрлі номиниация бойынша лауреат атанған «Әдіскер мұғалім» №15 мектеп-лицейі бастауыш мұғалімі Казбекова Аманкүл, «Шығармашыл мұғалім» №50 мектеп-лицейінің география пәні мұғалімі Сәуле Болатбаева , «Эрудит мұғалім» №16 орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі Зәуреш Жақыпова, «Жаңашыл мұғалім» №22 мектеп-гимназиясының математика пәні мұғалімі 200 000 теңгеге ие болды.

Қалалық кезеңнің финалистері 2018 жылғы тамыз – қыркүйекте өтетін «Үздік педагог - 2018» республикалық байқауына қатысады.

Айта кетсек, байқау 3 кезең бойынша өтті:

I турда қалалық мектептен 51 қатысушы байқаудың сараптау комиссиясының қарауына портфолиоларын ұсынды, онда мұғалімнің шығармашылық жұмысы, жұмыстағы жетістіктері мен оқушыларының жетістіктері көрсетілген.

II турда 1-турдан табысты өткен мұғалімдер сабақтарының бейнематериалдарын ұсынды.

III қорытынды турға ең үздік нәтижелерді көрсеткен 8 конкурсант қатысты.

Айта кетсек, байқаудың қазылар алқасы мүшелерінің құрамына маслихат депутаттары, Астана қаласы Білім басқармасының өкілдері, Назарбаев зияткерлік мектептері, «Өрлеу» БКИ, «Астана Дарыны» орталығы, Астана қаласының «Әділет» білім беру қызметкерлері кәсіподағы мен ата-аналар қоғамдастығының өкілдері енді.

Аталған байқау педагогикалық еңбектің беделін көтеріп, астаналық үздік мұғалімдердің арасынан креативті педагогті анықтауға мүмкіндік береді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер