BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 374.2 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.34 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.52
Астана:

Астанада тамыз айының барлық демалыс күндері мектеп жәрмеңкесі өткізіледі

Қала әкімдігі ғимаратының алдындағы алаңда мамандандырылған мектеп формасы мен соған жататын бұйымдардың сатылымы өтеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Астана әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жәрмеңкеге отандық тауар өндірушілер мен кеңсе және мектеп керек-жарақтарын, мектеп формасы, шұлық-нәски бұйымдарын және басқа да көтерме сауданы жүзеге асырушылар қатысады.

Олар жаңа оқу жылының қарсаңындағы «Мектепке жол» республикалық акциясының шеңберінде өткізіледі.
Өтетін орны: Астана әкімдігі ғимаратының алдындағы алаң.

Өтетін күндері: 11-12, 18-19 және 25-26 тамыз, 2018 жыл, сағат 10:00 ден 18:00 дейін.

Қосымша ақпаратты Бейбітшілік к-сі 11, мекен-жайындағы Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасынан 55-74-03 тел. арқылы алуға болады.

Естеріңізге сала кетейік, мұның алдын мектеп формасына деген талапты хабарлаған болатынбыз.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер