BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 365.49 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.35 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.6
Астана:

Астанада физика мамандары жаңа зерттеулерді пысықтады

Астана, BAQ.KZ. 10 қазаннан бастап Назарбаев университетінде алғаш рет «Қазақстандық физикалық қоғамның» жыл сайынғы жиналысы өтіп жатыр. Шараның негізгі мақсаты – Қазақстанның ғалымдары арасындағы өзара әрекеттестігін күшейту мен білім алмасуға арналған платформа құру.

Сонымен қатар бүкіл әлемдегі академиялық, инженерлік және өндірістік ұйымдарда қызмет атқаратын физика мамандарымен халықаралық ынтымақтастықты дамыту.

Жиналыс қатысушылары қазақстандық ғалымдардың баяндамаларын тыңдап, сызықсыз гамильтон торлары, қазіргі заманғы фотоника, импульсты ионды INURA үдеткішінің мүмкіндіктері, космостағы тозаңды плазма және т.б. көптеген зерттеуін пысықтап талқылауға бел буды.

Жиналыс Қазақстандық физикалық қоғамының Астана қаласы бойынша филиалы, Назарбаев университеті және Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің ұйымдастырылуымен өтеді.

Оның ғылыми бағдарламасы бойынша комитеттің жұмысына Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Назарбаев Университет, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақcтан-Британ техникалық университеті және т.б. Қазақстан Республикасың жоғарғы оқу орындарының үздік деп танылған ғылыми қызметкерлер белсене атсалысты.

«Қазақстандық физикалық қоғам» республикалық қоғамдық бірлестігі жұмысын бір жылдан бері жүргізуде. Физикалық қоғамның негізгі мақсаттары – физика ғылымын дамыту мен физика білімінің таралуына үлес қосу, ғылым және білім басқару саласында, сондай-ақ жоғары технологиялы өндірісті дамыту бойынша сараптама жүргізу және кеңес беру, физика ғылымын қазақстандық қоғам арасында түсіндіріп тарату, отандық ғалымдардың өзара әрекеттестігін күшейтіп, халықаралық ынтымақтастықты дамыту.

Жиналыс 13 қазанда аяқталады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер