BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 367.06 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.17 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.56
Астана:

Астанада «Болашақтың» 25 жылдығына орай халықаралық форум өтеді

Астана, BAQ.KZ. Астанада «Болашақ» стипендиясының жүзеге асырыла бастағанына 25 жыл толуына орай «Адами капитал-жаңғыру негізі» атты халықаралық форум өтеді.

Мерейтойлық шараға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрі Ерлан Сағадиев және тағы басқа министрлер мен елшілер, шетелдік қонақтар қатысады.

«Бүгінде осы бағдарлама шеңберінде даярланған 10 мыңнан астам жоғары білікті маман отандық экономиканың барлық саласында еңбек етіп келеді. «Болашақ» стипендиясы іске асырылған жылдар ішінде қазақстандық білімнің брендіне айналды және халықаралық аренада кеңінен танылды» - дейді ұйымдастырушылар.

Форум шеңберінде ел экономикасының түрлі салаларындағы проблемалық мәселелер көтеріліп, «Болашақ» бағдарламасы түлектері тарапынан оларды шешу жолдары ұсынылады.

Мерейтойлық шара ертең, яғни 10 қарашада Тәуелсіздік сарайында өтеді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер