BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 364.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.99 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.55
Астана:

Астана мектептеріне жаңа «Психология және өзін-өзі дамыту» пәні енгізіледі

Фото: zarabiajprzez24.pl

Келесі оқу жылынан бастап елорда мектептеріне жаңа «Психология және өзін-өзі дамыту» пәні енгізіледі, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі elorda.info сайтына сілтеме жасап.

«Келесі жылдан бастап Астананың білім беру жүйесіне арнайы балалар психологиясы және өзін-өзі дамыту пәні енгізіледі. Бұл пән тек кітаптағыны оқытумен шектелмейді. Балаларға өздерін кім екенін түсінуге көмектесетін интерактивтер мен тренингтер қолданылады. Курс бірнеше мектепке ығңайланып әзірленді. Жаңа пән 5 сыныптың мектеп бағдарламасына енгізіледі», - деді «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық қолдау орталылығының ғылыми консультанты Александр Тесленко.

Ғылыми консультант Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мектеп оқушыларының 70%-ы түзету көмегіне мұқтаж екенін мысалға келтірді. Заманауи балалар иллюзиялық әлемде өмір сүреді, сондықтан өмірдің қиын кезеңінде өздерін қалай ұстау керектігін білмейді. Бұл елордалық оқушыларға да қатысты.

«Астанада қалыптасқан жағдай алаңдатарлық – суицид жасауға әрекеттену немесе өз-өзіне қол салу бар. Көп жағдайда бұл әрекеттің себебі анықталмай жатады. Балалар көптеген күйзеліс факторларының ортасында қалып, ең соңында жинақталып, соңы қайғылы жағдаймен аяқталады. Себебі олар өздерін экстремалдық жағдайда қалай ұстау керектігін білмейді. Мектеп психологтары осындай жағдайда өздерін қалай ұстау керектігінің сценарийі мен алгоритмін беріп отырады. Сабақ факультатив ретінде өткенімен, оның бағасы аттестатқа енгізіледі», - деді ол.

Балалардың психологиялық жағдайын компьютерлік диагностика арқылы анықтайтын болады. Ол үшін қалада сегіз диагностикалық орталық ашу жоспарланып отыр. Негізінен олар мектептерде болады.

«Астананың Білім басқармасы психологиялық жағдайын компьютерлік диагностика әдістемесін алу үшін Санкт-Петербургтің фирмасымен келісім жасайды. Оқушылар диагностиканы компьютерлік орталықтарда өтеді. Психологтар балаларың жағдайын автоматты түрде өңделген нәтижені алады. Біз тәуекелді топқа жататын топты анықтауға қажетті ақпаратты алып, әрі қарай мақсатты түрде солармен жұмыс істейміз», - деді ол.

Бұған қоса мектеп психологтарының біліктілігін арттыруға аса мән берілетінін айтты.

«Біздің психологтардың дайындығы заманауи тәжірибеге сәйкес келмейді. Сондай-ақ маман тапшылығы жиі кездеседі. Көбіне еңбекақы көлемі ұнамайды. Жаңа пән қаржылық қалыптастыруы жақсартуға септігін тигізеді. Сонымен бірге психологтарға арналған оқу семинарларын өткізуді көздеп отырмыз», - деді Александр Тесленко.

Сөз соңында консультант Астанада әлеуметтік психологиялық көмек қызметі тұтас өзгертілетінін айтты. Ата-аналар клубтары құрылып, онда психологтар ата-аналарға кез келген жағдайда өздерін қалай ұстау керектігіне ұсыныс беретін болады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер