BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 365.49 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.35 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.6
Астана:

Арыстанбек Мұхамедиұлы грантсыз қалған спортшыларға қатысты пікірін айтты

ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы еліміздің жоғары оқу орындарында мемлекеттік гранттарды бөлу кезінде спорттық жетістіктердің ескерілмеуіне қатысты пікірін айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Өкінішке қарай, бұл мәселе Білім және ғылым министрлігінің құзырында, және әрине Мәдениет және спорт министрлігі қазіргі таңда жаңа заң әзірлеу жұмысына қатысуда. Біз бірінші кезекте Қазақстанды насихаттау үшін тер төгіп жүрген мықты спортшыларымыздың жақсы білім алауына мүдделіміз. Әрине, егер адам өзінің негізгі уақытын спортқа бағыттаса, ол тестілеуге толық дайын болмайды. Біз болашақта осы мәселелерді ескеруіміз керек. Себебі, бізге олардың еңбегін бағаламау әрине дұрыс емес», - деді Арыстанбек Мұхамедиұлы Спорт күніне арналған шарадан кейін журналистерге берген сұхбатында.


Сондай-ақ, ведомство басшысы спортшыларға білімге ұмтылып, шеберлігін шыңдауға тырысқандары үшін алғысын айтты.

«Біз оларды қолдауымыз керек. Менің ойымша, біз жақын арада Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп, комиссия құрып, қандай да бір консесусқа келуге тырысамыз. Қазіргі таңда біз осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Біз салалық министрлік (БҒМ) алдағы уақытта спорт пен өнердің ерекшіліктерін ескерсе дейміз», - деді министр.

Атап өтсек, жаңа ережелерге сәйкес Қазақ спорт және туризм академиясы түлектерді іріктеу кезінде Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесіне ғана сүйенеді. Бұған дейін абитуриент-спортшылар «ҰБТ-да жоғары балл алып, спортта жетістіктерге жетсек де, Спорт және туризм академиясында грантсыз қалдық» деп наразылық білдірген болатын.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер