BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 364.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.99 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.55
Астана:

Апатты мектептер мәселесін «жаңасын» салу арқылы шешеміз – Мырзахметов

Фото: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында өңірдегі білім беру саласында атқарылып отырған шаралар туралы баяндады.

Облыстағы 40 орта мектепке «Назарбаев зияткерлік мектептерінің» білім беру жүйесі мен әдістемесі енгізілген. Былтыр 45 мектепте жаратылыстану ғылымдары пәндері ағылшын тілінде оқытылса, биылғы оқу жылында 277 мектепте 4 пән бойынша ағылшын тілінде оқыту басталды. 1 қыркүйектен бастап облыстың барлық мектебінде 1 сыныптан бастап 8 сыныпқа дейін оқушылардың үлгерімін бағалап, қадағалап отыратын жүйе енгізілді. Бұл жүйеге қалған сыныптар келер оқу жылында көшетін болады.

«Биылғы оқу жылында 3 үш ауысымды, 3 апатты, 3 оқу орны тапшы мектептер мәселесі шешілді. Қалған 1 үш ауысымды, 4 апатты мектеп мәселесі салынып жатқан 5 мектеп есебінен шешілетін болады. Әлеуметтік, соның ішінде білім беру нысандары құрылысы бойынша үш жылдық Жол картасы әзірленді. Оған 48 басым білім беру нысандарының құрылысы енгізілді. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында білім беру мекемелерінің 90 пайызында камера орнатылды. Келер жылы бұл мәселе толықтай шешіледі», - деді Жамбыл облысының әкімі.

Бұған дейін, аймақ басшысы тұрғындар үшін газды үйге кіргізу бағасы төмендетілгенін жеткізген болатын.

Жалпы, облыс орталығы Тараз қаласында тағы екі аудан пайда болды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер