BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 365.49 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.35 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.6
Астана:

Алматыда педагогикалық кеңес өтеді

“Дарын” республикалық ғылыми-практикалық орталығы мамандандырылған білім беру ұйымдары жүйесінің құрылғанына 20 жыл толуына орай Алматыда дәстүрлі тамыз педагогикалық кеңесі өтеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Аталған шара 9 тамыз күні Сулейман Демирель университеті базасында «Тәуелсіздік және дарынды балаларға арналған қазақстандық мектептер: ізденіс, шығармашылық жылдары мен болашағы” тақырыбында өтеді.

Тәуелсіздік жылдары мамандандырылған мектептер дарынды балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі жетістіктерге қол жеткізуге ықпал ететін білім беру ортасын ұйымдастыруда айтарлықтай инновациялық тәжірибе жинақтай білген.

Педагогикалық кеңестің мақсаты – аймақтық ғылыми-практикалық орталықтар мен мамандандырылған білім беру ұйымдарының әр азаматтың және қоғамның заманауи қажеттіліктеріне сәйкес экономиканың инновациялық даму талаптарына сай сапалы білім беруге қолжетімділігін көрсету.

Педагогикалық алаң жұмысына мамандандырылған білім беру ұйымдарының мектеп директорлары және орынбасарлары, пән мұғалімдері, облыстық, Астана және Алматы қалалық білім басқармаларының, «Дарын» аймақтық ғылыми-практикалық орталықтарының өкілдері қатысады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер