BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 363.26 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.54
Астана:

Алматыда білімнің жаңа мазмұны бойынша 12 млн астам оқулық шығарылды

Биыл жаңа оқу жылынан бастап жалпы білім беретін мектептердің 3, 6 және 8-сыныптары жаңартылған білім мазмұнына көшеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі 24.kz сайтына слітеме жасап.

Жаңа бағдарламаға сай оқулықтар да дайын. Осы сәтте Алматыдағы ірі баспаханалардың бірінде жаңа оқулықтардың соңғы даналары түптеліп жатыр. Үш ауысымда жұмыс істеп жатқан өндірісте тәулігіне 150 мыңдай оқулық жарыққа шығады. Еліміздегі 3,6 және 8-сыныптардың 906 417 оқушысына 12 миллионнан аса оқулық дайындалған.

"20 тамызға дейін барлық кітаптарды аймақтарға жөнелтеміз. Біз дайынбыз. Ендігі шаруа тек тасымалдаушыларда. Олар қай кезде келсе де оқулықтар дайын. Кей күндері түнгі 12-1-лерге дейін оқулықтарды артып жіберетін кезіміз болады", - деді баспагер Ыдрыс Бегалиев.

Білім министрлігі өкілдерінің айтуынша, оқулықтар жеткілікті. Әр оқушы жаңа, сапалы оқулықпен тегін қамтамасыз етіледі. Сондықтан баспагерлер, кітапсыз қаламыз деп, ерте қамданатын ата-аналарды салмағы ауыр, бояуы қанық емес, қағазы сапасыз оқулықтарды сатып алудан сақтандырды.

"Алматыда оқулықтарды заңсыз басып шығарған үлкен типография анықталған болатын. Оның басшылары жауапқа тартылды. Бұл бір ғана жағдай. Жасырын баспалар түнде жұмыс істейді. Олар бүтін бір жүйемен жұмыс істеп отыр. Біз бұл туралы құқық қорғау органдарына айттық", - деді баспа директоры Гауһар Саймасаева.

Жаңа оқулықтардың сапасынан бөлек, мазмұнына да аз сын айтылмайдыДегенмен, жаңашылдықтың жемісін көретін күн алыс емес екен.

"Мәселен, қазақ тілі пәні бойынша біз географиялық тақырыптарды оқып үйреніп жатамыз. Ол да біраз түсінбеушілік туғызды. Бірақ жаңартылған білім мазмұнындағы бүкіл бағдарламалардың стандарты нені көздейді? Бүкіл пәндер дүниенің біртұтас картинасын қалыптастыра білуі керек. Бәрі баланың ортақ дүниесін ортақ дүниетамын қалыптастыруы керек. Сондықтан әр пән басқа пәндерді қолдай білуі керек", - деп бөлісті оқулық авторы Руслан Қаратабанов.

Айта кетейік, биылғы басылып шығатын оқулықтарда олардың электрондық нұсқаларының QR-коды орналастырылады. Оқушылар қажет жағдайда кітапты гаджеттерден оқи алады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер