BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 368.28 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.21 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

«Алматы» ауданында бес мектеп салынуда

Фото: svoboda.org

Астана, BAQ.KZ. Жаңа нысандарды пайдалануға беру 2019 жылға жоспарланған. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

«Алматы» ауданында 2019 жылы үш мектеп пайдалануға беріледі. Әрқайсысы 1200 орындық. Білім ордалары Майқайың мен А 351 көшелерінің қиылысында, Панфилов көшесі мен Тәуелсіздік даңғылының қиылысында және Қалдаяқов пен Әзірбаев көшелерінің қиылысында орналасатын болады.

900 орынға арналған мектеп Б. Момышұлы даңғылында бой көтермек. Ал Мичурин тұрғын алабы ауданында 600 орындық орта мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, аудан әкімдігі бірқатар мектептерге жапсарлас ғимараттардың құрылысын жүргізбек.

№ 51, 28 және 52 мектепте 450 орынға арналған жапсарлас ғимарат салынады деп жоспарлануда. № 64 мектеп-лицейде 425 орындық жапсарлас ғимарат 2019 жылдың тамыз айында тапсырылады. Сондай-ақ, 300 орынға арналған жапсарлас ғимараттың құрылысы № 57 мектепте жүруде.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер