BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 370.49 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 421.06 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.54
Астана:

Әлемдік ЖОО-лар Түркістан облысы үшін мамандар даярлауға ниетті

Шымкент, BAQ.KZ. Шымкентте «Болашақ» халықаралық бағдарламасының 25 жылдығына орай Азиядағы ең ірі International Education Fair білім көрмесі өз жұмысын бастады.

Көрменің салтанатты ашылуына АҚШ-тың Колорадо шатытының Форт Коллинс қаласының мэрі Wade O. Troxell, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Жанболат Мелдешов және Шымкент қаласы әкімшілігінің өкілдері қатысады.

«Шымкент қаласында 96 жоғарғы оқу орнынан келген 150 шетелдік өкілдер білім жәрмеңкесіне қатысып отыр. Сонымен қатар бұл университеттердің ішінде 60% қазақстандық азаматтар үшін тегін тұратын орын мен стипендия беруге дайын. Кейбір жоғары оқу орындар бір жылдық тіл үйрену курстарынан өту мүмкіндіктерін береді» - дейді «Болашақ» өкілі.

Көрме аясында білім беру саласындағы шетелдік сарапшылардың қатысуымен семинарлар мен дөңгелек үстелдер өтеді. Сондай-ақ, көрме қатысушылары үшін уәждемелік хаттарды және халықаралық тестілеулерді жазу бойынша тәжірибелік мастер-класстар өткізілетін болады.

Іс-шараға АҚШ, Ұлыбритания, Сингапур, Жапония, Швейцария, Польша, Венгрия, Испания, Литва, Оңтүстік Корея, Қытай және т.б. еуропалық стандарттары бойынша білім беретін жоғары оқу орындары қатысады.

Сондай-ақ, көрмеге жалпы тегін білім беретін Финляндия, Чехия, Германия, Франция елдерінің жоғары оқу орындары қатыспақ. Аталған елдерге тегін оқуға түсу үшін тек құжат жинап, конкурстық іріктеуден өту қажет, бұл жұмыста Халықаралық бағдарламалар орталығы талапкерлерге көмек көрсетуге дайын.

Көрменің негізгі мақсаты Қазақстан азаматтарының шетелде тегін білім алу мүмкіндіктері туралы ақпараттандыру және отандық жоғары оқу орындары мен шетелдік университеттердің арасындағы ынтымақтастықты кеңейту болып табылады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін білім көрмесі Астанада және Атырауда өткен болатын.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер