BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 367.06 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.17 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.56
Астана:

Алдағы жылы информатика 1-сыныптан бастап оқытылады

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Білім және ғылым министрінің орынбасары Эльмира Суханбердиева 2019 жылдан информатика пәні сыныптан бастап оқытылатынын мәлім етті.

ҚР Парламенті Сенатындағы Үкімет сағатында вице-министр оқушылар сарайлары мен 3 мың мектепте робототехника бойынша элективті курстар енгізілгенін айтты.

«Роботехника кабинеттерін жабдықтау бойынша шаралар қабылдануда. Биыл информатика пәні 3-сыныптан бастап оқытылды. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында информатика сабағы 2019 жылдан бастап 1-сыныптан оқытылады. Олардың бағдарламасы дайындалып жатыр. Сонымен қатар барлық өңірде 21 ІТ-лицей ашылды»,- деді Эльмира Суханбердиева.

Айта кетейік, осыған дейін ҚР Білім және ғылым министрлігі мұғалім мәртебесі туралы заңды дайындауға кіріскенін, биыл қанша ұстаздың жалақысы көтерілгенін хабарлағанбыз. Сондай-ақ елімізде 5 мыңға жуық ұстаздың төрт пәнді ағылшын тілінде оқытып жүргенін жазғанбыз.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер