BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 367.06 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.17 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.56
Астана:

Алдағы 3 жылда Астанада 16 мектеп салу жоспарланып отыр

Астана, BAQ.KZ. Астанада бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері бойынша елорда мәслихаты тұрақты комиссиясының отырысы өтті, деп жазады қалалық әкімдіктің ресми сайты.

Алдағы үш жылда 16 мектеп пен 8 мектепке жапсарлас ғимараттың құрылысы жүргізіледі деп жоспарланған.

«Біздің бюджет негізінен даму жобаларымен байланысты. Бұл – мектепке дейінгі білім беру нысандарының құрылысы. Үш жыл ішінде біз Астанада 24 білім беру нысанын салуды жоспарлап отырмыз, оның 16-сы – мектеп, 8-і – мектепке жапсарлас ғимарат. Сондай-ақ, 2019 жылы біз № 65 және № 83 мектептерде жеделсатыларды қайта салуды жоспарлап отырмыз», – деді қалалық ортаны регенерациялау басқармасының басшысы Ғали Есқалиев.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер