BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Адамзаттың IQ көрсеткіші төмендеп келеді – ғалымдар

Фото: The Atlantic

Зерттеу жұмысының нәтижесінде адамдардың интеллект деңгейі 1970 жылдан бастап төмендей бастағаны анықталды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі korrespondent.net сайтына сілтеме жасап.

Норвегия ғалымдары соңғы бірнеше он жылдықта адамдардың IQ-тест нәтижелері тым нашар екенін анықтады. Зерттеу жұмысында ХХ ғасырдың бірінші жартысында IQ көрсеткішінің өсуі Флинн эффектісі деп танылғаны туралы жазылған. Феноменді түсіндіру үшін көптеген гипотеза келтірілген. Теория жүзінде бұл құбылысты дұрыс тамақтану, салауатты өмір салтын сақтау және білім алумен байланыстырды. Алайда уақыт өте келе бұл интеллектуалдық қабілеттер теріс қабілеттермен алмасты.

Ғалымдар қорытынды шығармас бұрын 1970-2009 жылдары аралығында әскери қызметтегі норвегиялықтардың IQ тест нәтижелерін қараған. Есеп бойынша, бір ұрпақта бұл көрсеткіш жеті пунктке азайған. Ғалымдардың айтуынша, IQ көрсеткішінің төмендеуіне қоршаған орта мен адамның өмір салтының өзгеруі әсер етеді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер