BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 364.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.99 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.55
Астана:

80 мың ақмолалық жалпыхалықтық диктантқа қатысады

Астана, BAQ.KZ. Алдағы аптада бүкіл республика бойынша 2018 жылғы 14 қарашада сағат 11:00-де өтетін латын әліпбиіндегі жалпыхалықтық диктант бойынша Көкшетауда өткен брифингте түсініктеме берілді. Ақмола облысының тілдерді дамыту басқармасының басшысы Марал Жақыпова мен облыстық оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Әсемгүл Қарсабаева жаңа қазақ әліпбиін насихаттау бойынша іс-шараның барысы мен тәртібі, оны жазу ерекшеліктері туралы айтты. Бұл туралы Ішкі саясат басқармасының Аймақтық коммуникация қызметі хабарлайды.

Марал Жақыпованың айтуынша, жалпы халықтық диктант 2025 жылға дейін қазақ тілі әліпбиін латын графикасына біртіндеп көшіру бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес жүргізіледі. Оған 15 жастан асқан облыс тұрғындары қатыса алады.

Диктант жұртшылықтың қазақ тілі ережелерінің Жобасын латынша негізде қабылдауын талдауға бағытталған. Диктанттың көлемі шамамен 80-90 сөз, бекітілген мәтіні арнайы бөлінген аудиторияларда, сондай-ақ әлеуметтік желілерде онлайн-трансляция және республикалық радиостанцияларда, emle.kz, tilalemi.kz сайттарында тікелей эфир арқылы аудиожазба түрінде таратылатын болады.

Диктант Астана уақыты бойынша сағат 11:00-де басталады және 30 минутқа созылады. Танысу, диктант жазу және емле тексеру үшін оның мәтіні үш рет айтылады: Әрбір дыбыстық интервал арасында ойды жинақтау және назар аудару үшін үзіліс болады.

Диктант шарты бойынша оның әрбір қатысушысы тұратын жеріне байланысты өзінің диктантының сканерленген немесе суретке түсірілген мәтінін тілдерді оқыту орталығының электрондық мекен-жайына жібереді. Диктанттардың түпнұсқалары қолында қалады, себебі ол аяқталғаннан кейін emle.kz, tilalemi.kz сайттарында дұрыс таңдау мен бағалау критерийлері шығады. Әрбір пайдаланушы өз жұмысын оларға сәйкес өзі бағалайды.

Мамандардың айтуынша, диктантқа барлық тілек білдірушілер қатыса алады, ең бастысы emle.kz, tilalemi.kz осы сайттардың басты бетінде орналасқан сілтеме бойынша диктанттың аудиожазбасын белгіленген уақытта тыңдау керек. Содан кейін арнайы бөлінген орындарда қатысушылар сияқты, олар өз мәтіндерін Ortalyk_til@mail.ru электрондық поштаға жібереді.

Брифинг барысында тілші-сарапшылар ұсынған латын әліпбиінде қазақ тілін жазу ережелерінің Жобасы түсіндірілді. Олар жекелеген әріптерге, сөздерді біріктіріп және бөлек жазуға, дефистер мен қысқартуларды қолдануға, шетел сөздерін жазуға және т. б. қатысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жалпыхалықтық диктантқа Ақмола облысының 80 мыңға жуық тұрғыны қатысады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер