2018 жылы ҰБТ форматы қандай болады? - Білім & ғылым|02 Қаңтар 2018, 10:27
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 360.12 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 409.67 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.33
Астана:

2018 жылы ҰБТ форматы қандай болады?

Фото: turkystan.kz

ЖОО-ға ақылы түрде түсудің баламалы нұсқасын енгізу арқылы сапаны төмендетіп алуымыз мүмкін. Осылай деп мәлімдеді ҚР Білім және ғылым министрлігіндегілер, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Ақ жол» партиясынан талапкерлерге жоғары оқу орнына түсу үшін Ұлттық бірыңғай тестілеуден басқа баламалы нұсқа енгізу туралы ұсыныс жолданды. Бұл ұсыныс «Ақ жол» және «Нұр Отан» партияларының ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының қатысуымен білім және ғылым, балалар құқығын қорғау мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңесте бірнеше рет қарастырылды», - деп атап өтілген министрлік мәліметінде.

Мұнымен қатар, аталған мәселе ұстаздар мен ата-аналар тарапынан талқыға салынып, нәтижесінде түрлі пікір айтылғаны да белгілі болды.

«Қоғамның көзқарасы бойынша, жоғары оқу орнына ақылы түрде түсудің баламалы нұсқасын енгізу сапаның төмендеуіне әкеліп соғады. Осыған байланысты алдағы 2018 жылы ҰБТ-ның жоғары оқу орнына түсуге арналған қазіргі форматы сақталады», - делінген ведомство хабарламасында.

Естеріңізге сала кетсек, «Ақ жол» партиясы еліміздің жоғары оқу орындарының ақылы бөліміне түсетіндер үшін ұлттық бірыңғай тестілеуді алып тастау туралы бастама көтерген болатын.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер