BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 368.28 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.21 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

17 желтоқсанда Байқоңырдан ресейлік зымыран ұшады

«Союз-ФГ» зымыран тасығышы мен «Союз МС-07» басқарылатын ғарыш кемесі Байқоңыр ғарыш айлағындағы «Гагарин» старт алаңына орнатылды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

Ұшу 17 желтоқсан Мәскеу уақытымен 10.21-ге (Астана уақыты бойынша – 13.21) белгіленген.

Халықаралық ғарыш станциясына ресейлік космонавт Антон Шкаплеров, NASA астронавты Скотт Тингл және JAXA астронавты Норишиге Канаи аттанады. «Союз МС-07» басқарылатын ғарыш кемесі Халықаралық ғарыш станциясымен 19 желтоқсанда түйіспек.

Ғарыш кемесі Халықаралық ғарыш станциясына үш адамнан тұратын экипажды және керек заттарды жеткізу және оларды Жерге алып қайту үшін жасалған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер