BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 371.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.32 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі тағайындалды

Астана. 6 мамыр. Baq.kz - Мемлекет басшысының Жарлығымен А.Мырзахметов ҚР Ауыл шаруашылығы министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың твиттер парақшасы. 

Мырзахметов А.И. 1962 жылы дүниеге келген. Ауылшаруашылығы және экономикалық мамандықтары бойынша білім алған. Ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты.

Аспирантураны аяқтаған соң 1988-1991 жылдары Бүкілодақтық ауылшаруашылығы ғылымдары академиясының шығыс бөлімшесі жүйесінде кіші, кейіннен аға ғылыми қызметкер болып жұмыс істеген.

1991-1997 жылдары шаруашылық субъектілер мен қоғамдық ұйымдарда (Орта Азия және Қазақстан биржа Қауымдастығы Басқармасының, Қазақстандағы Кәсіпкерлері Форумы Кеңесінің төрағасы) басшылық қызметтер атқарған.

1997 жылдан 2006 жылдың қаңтарына дейін Қазақстан Премьер-Министрінің кеңесшісі, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі, бірінші вице-министрі және Ауыл шаруашылығы министрі лауазымдарында қызмет атқарған.

2006 жылдың сәуірінен 2007 жылдың қыркүйегі арасында Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі.

2007 жылдың қыркүйегінен 2009 жылдың наурызы аралығында – «Оңтүстік» Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы.

2009 жылғы наурыздан 2015 жылғы тамызға дейін - Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі.

2015 жылғы тамыздан бастап - "Нұр Отан" партиясы Төрағасының бірінші орынбасары. 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер