BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 370.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.37 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

Ақпарат және коммуникация министрлігін Дәурен Абаев басқарды

Астана. 6 мамыр. Baq.kz - ҚР Ақпарат және коммуникация министрі болып Дәурен Абаев тағайындалды. Жаңа министрді ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімов таныстырды.

Бұл тағайындауға дейін Дәурен Әскербекұлы Абаев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы қызметін атқарды.

1979 жылы Алматы облысында туған. 2001 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін үздік бітірген. 2014 жылы Еуразия гуманитарлық институтын тәмамдаған.
2001 жылдың тамызы мен 2003 жылдың тамызы аралығында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің орталық аппаратында жұмыс істеді.
2003 жылдың мамыры мен 2007 жылдың мамыры аралығында Қазақстан Республикасының Әзербайжандағы және Нидерланды Корольдігіндегі Елшіліктерінде дипломатиялық қызмет атқарды.
2007 жылдың мамыры мен 2007 жылдың желтоқсаны аралығында - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Баспасөз қызметі бөлімінің бастығы.
2007 жылдың желтоқсаны мен 2008 жылдың желтоқсаны аралығында – Қазақстан Республикасы Президенті Протоколының бас сарапшысы, консультанты.
2008 жылдың желтоқсаны мен 2009 жылдың қазаны аралығында - Қазақстан Республикасы Президенті Баспасөз хатшысының орынбасары.
2009 жылдың қазанынан - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы.
2011 жылдың қазанында Мемлекет басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы болып тағайындалды.
2013 жылдың шілдесінде Мемлекет басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі - Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы болып тағайындалды.
І-сыныпты бірінші хатшы дипломатиялық дәрежесі бар.

Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгерген.
«Құрмет» орденімен марапатталған.
Үйленген, екі бала тәрбиелеуде. 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер