BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 367.3 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.68 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

Орск бекінісін Жаманқала деп атау бекерден-бекер емес

АСТАНА. 14 қараша. BAQ.kz Ақтөбеден сыртқа шығар көрсеткіштегі Орск-Жаманқалаға байланысты Ақтөбе облысы әкімі Архимед Мұхамбетовке хат жолдаған ақтөбелік азамат.  

«"Эврика!" мен 100 жылдан бұрын салынған белгісіз қала аштым! Ол қала Ақтобеден 150 км. Сенбейсіз бе?? Бесінші мөлтек ауданнан темір жол устінен түсіп келе жатқанда жол устінде жоғарыда сыртқа шығатын қалалар көрсетілген. Ор өзенінің жағасындағы қаланы казақша Орск деп қояр деймін» - деген сауал жолдаған. Орсктің қасына неге Жаманқала деп жазылғанын мәдениет басқармасы жауап хатында түсіндірген екен. «Орск – Ресей Федерациясының Орынбор облысындағы қала атауы. Қаланы 1735 жылы 15 тамыздағы патшалы Ресейдің сенатының обер-секретары И.К.Кириллов бастаған экспедиция әскери бекініс ретінде сала бастады. Ор өзенінің Жайыққа құяр сағасына салынған бекініс орыс тілінде Орск деп аталып, бірнеше рет суға кетіп, өртке оранды. Жергілікті қазақтар бекіністі Жаманқала деп атады. 1865 жылы бекініс қала мәртебесіне ие болды. Ақтөбе қаласының 5-ші ықшам ауданынан сыртқа шығар жолдағы көрсеткіште көрсетілген Орск-Жаманқала қаланың 200 жылдан астам уақыттан бергі орыс және қазақ тілдеріндегі байырғы атауы болып табылады» - деп жауап берген мәдениет басқармасының өкілдері.
 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер