BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 369.35 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 421.47 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.57
Астана:

Тырналар, доптар, көне жазбалар. Президентке не сыйлауға болады?

Фото: © Бауыржан Жуасбаев

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Президентке сый-сияпат жасау, оның ішінде мемлекет басшыларының бір-біріне сыйлық беруі қалыптасқан дәстүрге айналғаны белгілі.
Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа да алуан сыйлық тарту етіледі. Олардың басым көпшілігін өзге елдің президенттері мен өкілдері жасайды екен. Сонымен, Елбасыға қандай сыйлықтар жасалды? Біліп жүрейік.

«Зәйтүн бұтағы» композициясы. Президентке биылғы қазанда Астанада өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VІ съезінде Рим Папасы Франциск табыс еткен. Зәйтүн бұтағы – бейбітшілікке шақыратын ерекше символ. Ол қоладан жасалған.

«Зәйтүн бұтағы» композициясы

Бұған қоса, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VІ съезінде Иерусалим Патриархы Феофил ІІІ президентке икона сыйлады.

Иерусалим Патриархы Феофил ІІІ президентке икона сыйлады

Төмендегі панно «Сарай тиыны» деп аталады. Бұл Ресей Федерациясы президенті Владимир Путиннің сыйлығы. 1347 жылғы тиын қара түсті матаға қойылып, беті шынымен жабылған. Ол Нұрсұлтан Назарбаевқа 2014 жылы Астанада өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысында тарту етілген. Сарайдың тиыны - археологиялық қазба кезінде табылған құнды жәдігер.

«Сарай тиыны»

Ұлы Кир патшаның цилиндрі. Кәдесый. Көшірме. Цилиндрдің түпнұсқасы Ұлыбритания мұражайында сақталған. Көне жәдігер ежелгі Парсы елінде 2,5 мың жыл бұрын жасалған. Кезінде Кир патшасы өз жетістіктері мен кейінгі ұрпаққа өсиетін осы саз цилиндрге жазуды бұйырған. Кейіннен жазбалар тарихтағы алғашқы Адам құқығы декларациясы болып танылған. Көне жазбада Кир құлдықты жойып, діни сенім бостандығын қолдаған. Артефакт 1879 жылы Вавилон, қазіргі Бағдадтағы қазба жұмыстары барысында табылған. Президентке сыйлықты Солтүстік Американың «Fezanа» Заратұштра қоғамының вице-президенті Х.Ганди 2013 жылы берген.

Ұлы Кир патшаның цилиндрі

«Мың қағаз тырна» сыйлығы. Оны президентке Хиросима қаласының жастар комитеті сыйлаған. Жапонияда бір кішкентай қыз туралы әңгіме кең тараған. Хиросима мен Нагасаки қалаларындағы ядролық жарылыстан кейін лейкозға шалдыққан кiшкентай қыз «қағаздан 1 мың тырна - оригами жасасам, міндетті түрде жазылып кетемін» деп ойлаған. Аңыз бен француз жазушысының шығармасы бойынша, қыз мың тырна жасап, шынымен жазылып кетедi. Ал шынайы өмірде қыз 600-ге жуық оригами жасап, ауруынан айықпай, көз жұмады. Күншығыс елінде қағаз тырналар бейбітшілік символына айналған. Бұл оригамиді Нұрсұлтан Назарбаевқа жапон балалары жасап берген.

Мың қағаз тырна

Гольфке арналған жиынтық. Жиынтыққа 16 гольф таяғы (клюшкасы), «Nursultan Nazarbaev» деген жазуы бар қоңыр түсті сөмке кіреді. Таяқтар титан негізіндегі қорытпадан жасалған. Гольф Нұрсұлтан Назабаевтың сүйікті ойындарының бірі екені баршаға мәлім. Сол себепті президентке осы ойынмен байланысты сыйлықтар жиі табыс етіледі екен.

Гольфке арналған жиынтық

«АҚШ президенті Дональд Трамп Елбасымен соңғы кездесулерінің бірінде Мемлекет басшысына «Planet Golf USA» деп аталатын үлкен кітап-альбомды сыйға тартты. Бұған қоса, Трамп Назарбаевтың АҚШ-қа биылғы сапары барысында гольф таяқшасы мен доптарын тарту етті. Қазір бұл жиынтық Тұңғыш президент музейінің көшпелі көрмесімен Ақтөбе жұртшылығына көрсетілуде», - деді Қазақстан Республикасы Тұңғыш президенті – Елбасы кітапханасы директорының орынбасары Күләш Ақтаева.

Гольфке арналған жиынтық

Сәндік ваза. Санкт-Петербург қаласындағы Императорлық фарфор зауытында «Мәскеу қалалық гольф клубының» арнайы тапсырысы бойынша жасалған. Вазаның бір жағында гольф ойыншылары бейнеленген. Сыйлық 2006 жылы тарту етілген. Сол уақытта Қазақстан президенті Ресейге ресми сапарымен барған болатын. Осындай вазалар мен ыдыс-аяқты әсіресе Қытай елінің басшылығы жиі тарту етеді екен.

Сәндік ваза

«Гольф добы» кәдесыйы. Ол әйнек пен пластиктен жасалған. Президентке 2005 жылы сыйланған.

«Гольф добы» кәдесыйы

«Ұлутас» кәдесыйлық композициясы. Ақ түсті тасқа айналған ұлу қабыршақтарынан құрылған тарту. Ұлу қабыршақтарының жасы 12 миллион жылға жуықтайды. Олар Францияның оңтүстігіндегі кен орнында тасқа айнала бастаған күйінде табылған. «Royal Dutch Shell» компаниясы президентке 2005 жылы Астанада табыс еткен.

«Ұлутас» кәдесыйлық композициясы

"Мемлекет басшысына кітаптар да жиі сыйға беріледі. Қолтаңбасы бар кітаптар мен басқа баспа туындылары Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының қорында сақталады. Президенттің жеке кітапханасының қалыптасуы өзінің бастауын сонау 1960-шы жылдардан алады. Ол кезде студент Нұрсұлтан Назарбаев кітапхана жинақтай бастаған. Елбасының жеке кітапханасының қорында 29 мыңға жуық басылым бар», - деді Кітапхана жұмысы қызметінің жетекші сарапшысы Айдынгүл Көшкінова.

Елбасының жеке кітапханасының қорында 29 мыңға жуық басылым бар

Елбасының жеке кітапханасының қорында 29 мыңға жуық басылым бар

Кітапхананың «Жеке коллекция» галереясы – Мемлекет басшысына дүние жүзі мемлекеттерінің президенттері және көрнекті қоғам, саясат, мәдениет, өнер қайраткерлері мен басқа да азаматтар сыйлаған кітаптардан тұрады. Сингапурдың негізін қалаушы Ли Куан Ю-дің сыйға тартқан кітабы, Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Маргарет Тэтчердің «Билікке жол», үлкен Джордж Буштың кітабы, Билл Клинтонның «Менің өмірім» туындысы қойылған. АҚШ-тың 44-президенті Барак Обаманың «Американың ең озық идеялары», ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің «Мемлекет басқару туралы» кітабы да бар.

Ресей Федерациясының тұңғыш президенті Борис Ельцин өзінің «Записки президента» кітабында «Нұрсұлтан Әбішұлына автордан құрметпен!» деп қолжазба қалдырған. «Путь к власти» атты өмірбаяндық кітабында «темір ханым» атанған Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Маргарэт Тэтчер Мемлекет басшысына жылы лебізін жазған. Нұрсұлтан Назарбаевқа АҚШ, Литва, Түркия, Эстония, Болгария, Үндістан, Индонезия, Ресей, Қырғызстан, Әзербайжан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Украина және тағы басқа елдердің президенттері кітап сыйға тартқан. Грузия президенті Эдуард Шеварднадзе және Гейдар Әлиев орталығы да басылымдарын сыйлаған. Кітапхана қоры Мемлекет басшысына сыйға берілген кітаптармен үнемі толығып отырады екен.

«Әр сыйлықтың өзінің бағасы бар. Ол бағаны біз материалдық түрде ғана есептей алмаймыз, ақшаға оны аудара алмаймыз. Үлкен жәдігердің жанында өте кішкентай зат тұрса да, оның өз орны, өз бағасы бар. Ол құнды рухани жәдігер. Атақты тұлғалардың қолынан шыққан заттар өзімен өзі құнды болып саналады. Біздің міндетіміз – оларды сол қалпында сақтап қалу», - деді Қазақстан Республикасы Тұңғыш президенті – Елбасы кітапханасы директорының орынбасары Күләш Ақтаева.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер