USD 335.71 EUR 357.36 RUB 5.23
Астана:

Нұрсұлтан Назарбаевқа ескерткіш орнатылды

Фото: kaz.tengrinews.kz

Тұңғыш Президент күні қарсаңында Талдықорған қаласында Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткіші ашылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ескерткіш мемлекеттің символдар алеясына қойылды. Ескерткіш авторы Қазбек Сатыбалдин.

Ескерткіштің ашылу салтанатына мемлекеттік қайраткерлер, мәслихат депутаттары мен аймақ интелегенциясы қатысты. Салтанатты шара барысында сөз алған Алматы облысының әкімі Амандық Баталов бұл жайттың тарихи маңызын атап өтті.

«Бұл барлық Қазақстан үшін тарихи күн. Бүгін осынау қасиетті жерде Тұңғыш Президент, ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа ескерткіш ашып отырмыз. Президентіміздің арқасында біз экономиканың барлық саласында теңдессіз серпіліс жасадық. Тыныштық пен даму символына айналдық», - деді аймақ басшысы.

Сонымен қатар, бүгін Алматы облысында «25 жұлдызды күн» аясында Тәуелсіздіктің 25 жылдығының құрметіне 2385 орынға есептелген 25 балабақша ашылады.

ФОТО: kaz.tengrinews.kz

Ұқсас сілтемелер:
05 Желтоқсан 2016, 09:05
СҚО-да шаңғы марафоны өтті
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады