BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 369.35 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 421.47 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.57
Астана:

Қостанайлықтар тиімді жолмен баспана алудың жолдары туралы айтып берді

ҚР тұңғыш президенті күнінде 216 қостанайлыққа «Аэропорт» шағын ауданындағы пәтерлердің кілті тапсырылды.

Олардың бәрі – «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ салымшылары. Тұрғын үйлер «Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы салынды. Баспана құны – 1 шаршы метр үшін 140 000 теңге.

Бағдарлама шарттары бойынша баспаналы болсам деген тұрғындардың Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі есепшотында 20% мөлшеріндегі бастапқы жарна болуы тиіс. Ал банк оларға 5% мөлшерлемемен несие ұсынды.

Осы шарттарды негізге алсақ, құны 5,5 млн теңге тұратын 1 бөлмелі пәтер алу үшін банктегі депозитіңізге 1,1 млн теңге жинасаңыз жеткілікті.

Гүлмира Тұрлыбекова дәл осылай жасапты. Ол бір бөлмелі пәтер алуға жеткілікті қаражатты бір жарым жыл ішінде жинаған. Енді ол бұл үйде қызы екеуі тұрмақ.

«Қысқа мерзімде Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің бастапқы жарнасын жинағанда пәтер алудың ешқандай қиындығы жоқ екенін түсіндім. Ең бастысы – еңбек етіп, өз мақсатыңа қарай сенімді қадам басу. Несиені 12 жылға ресімдедім. Өз үйім үшін ай сайын 48 мың теңге ғана төлеймін. Жалдамалы пәтерге осыншалықы қаражат кетіргенімді есептесем, бұл әлдеқайда тиімді», - деді қоныс иесі.

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі басқарма төрайымының орынбасары Нұрлан Ақшанов айтып өткендей, осы жылы банктің 34 мың салымшысы баспана тойын тойлааты. Оның 7 мыңы «Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы пәтерге ие болған.

«Бұл бағдарлама тиімді. «Нұрлы жерде» тұрғын үйдің қолжетімді бағалары қарастырылған және банк 5 пайыздық мөлшерлемемен несие береді. Мұндай төлем Қазақстан бойынша жоқ. Сондықтан, пәтер кілтіне ие болғандарға несие салмағы ауыр түспейді деп ойлаймын. Енді оларды балаларына депозит ашуға шақырамын, өйткені, олар болашақта пәтер алудың ауыртпалығын көрмеуі тиіс», - деді Н.Ақшанов.

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов құрылыс индустриясындағы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі рөлін атап өтті.

«Мендегі мәлімет бойынша, филиалдағы салымшылардың үлесі 1 жылда 30 процентке ұлғайған. Қазіргі уақытта облыста 54 мың тұрғын пәтер алу үшін қаражат жинап жатыр. Олардың 10 мыңының есепшоттарында 1 миллионнан астам салым бар. Яғни, олар «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша үй алуға дайын. Соның нәтижесінде біз өңірдің құрылыс индустриясын дамытуға, тұрғын үй құрылысына инвестиция салуға мүмкіндік алып отырмыз», - деп атап өтті аймақ басшысы.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер