BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Мәсімов: Бұл күн біз үшін жанқиярлық батылдық пен намыстың символы

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінде ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің күніне орай салтанатты іс-шаралар өтті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Мереке құрметіне ведомстволық ту көтерілді. ҰҚК Төрағасы Кәрім Мәсімов ардагерлер мен жеке құрамды кәсіби мерекемен құттықтай отырып, «Бұл күн біз үшін Отанға адал қызметтің тамаша дәстүрін, қызметкерлер буынының ажырағысыз байланысын танытады, жанқиярлық батылдық пен намыстың символы болып қала береді» деді.

Салтанатты жағдайда үздік қызметкерлерді мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапаттады. Қызметкерлердің бұдан әрі де ҰҚК алдына Мемлекет басшысы қойған тапсырмаларды мүлтіксіз орындайтындарына сенім білдірді.

Салтанатты іс-шара мерекелік концертпен аяқталды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер