BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 371.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.32 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

ЕҚЫҰ-ның Қазақстан Республикасында құрылғанына 20 жыл

Фото: Автор

Бүгін Астанада «ЕҚЫҰ-ның Қазақстан Республикасындағы 20 жылы: ынтымақтастық және жетістіктер» халықаралық конференциясы өтті, деп xабарлайды Baq.kz тілшісі.

Жаһандық әлемдегі ЕҚЫҰ-ның рөлі және оның 20 жылдық екіжақты ынтымақтастығы, Қазақстан Республикасымен қарым-қатынасы жайында қазақстандық және xалықаралық саясаткерлер, дипломатиялық өкілдіктер мен сарапшылардың қатысуымен конференыия өтті.

«Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымының Қазақстандағы қызметінің 20 жылдығына орай өтіп отырған іс-шараға қатысуыға мен өте қатты қуаныштымын. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасына және қорына өз тарапымнан алғысымды білдіремін. ЕҚЫҰ-ның дамуы ол Қазақстанның дамуы, сыртқы саясат бостандығының дамуы. Еліміз 2010 жылы бұл ұйымға төрағалық еткен. Сол кезде Елбасы өз сөзінде Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымының Еуразия құрлығын сенім, дәстүр , ашықтық және төзімділік сынды жалпы құндылықтарға негізделген ортақ кеңістікке айналдырудың маңызы зор екенін атап өткен. Ұйым біздің Тәуелсіздікке қол жеткізген жылдары өзінің бай тәжірибиесімен, білімі мен алдыңғы қатарлы жетістіктерімен бөлісті. Қоғамымыздың түрлі салалары нық аяқтануына септігін тигізді. Қазіргі таңда еліміз ұйымның сенімді әріптесіне айналып, жан-жақты дамуына өз үлесін қосуда. Кешегі жолдауды іске ауыруда да ұйымның рөлі ерекше», - дейді Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министірі Қайрат Әбдірахманов.

ЕҚЫҰ-ның Қазақстандағы қызметіне арналған көрме ұйымдастырылған. Оған сырттан келген елшілер, саясаткерлер, сарапшылар және келген қонақтар көруге мүмкіндік алды.

«Елімізде ұйымның атқарып жатқан жұмыстары өте көп. Солардың ішінде менің ерекшесі атап өтетінім: алыстағы қазақ ауылдарымен жұмыс. Естеріңізде болсын, алыстағы елді мекендерді кемсітуге болмайды. Ол жерде тұратын халықтардың ақпарат алу құқығы әлдеқайда төмен деңгейде, сондықтан осы ұйым Елбасының адам құқығы жөніндегі ұсынысын қолдап, қазіргі кезде біз Қазақстанның 13 өңірінде алыс ауылдарда адам құқығының қорғалуы, халықаралық және ұлттық механизімімен жұмыс жасап жатырмыз. Қазіргі кезде осы қазан айының 16-19 аралығында Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданында, Қасым Қайсенов ауылында және Глубокий ауданында семинар өткізуді жоспарлап отырмыз. Семинар нәтижесінде көптеген азаматтар дау-дамайсыз, сотқа да бармай, әкімшілікке де бармай өз құқықтарын қорғай алатын деңгейге жеткіздік. Бұл – ЕҚЫҰ-ның Қазақстанда атқарылып жатқан жұмыстарынан бір ғана мысал», - дейді Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы адам құқығы жөніндегі хатшысы Тастемір Әбішев

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйым құрамына солтүстік Америка, Еуропа мен Азияның 57 қатысушы мемлекеттерін біріктіріп, қауіпсіздік мәселерімен айналысатын және халқының саны миллиард адамнан асатын кеңістікте бейбітшілік, демократия мен тұрақтылықты қамтамассыз етуге байланысты жасайтын әлемдегі ең ірі аймақтық ұйым.

Фотолар: Автор


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер