BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 370.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.37 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

Атырауда қала күніне орай ұйымдастырылған от шашуды 20 мың көрермен тамашалады

Атырауда қала күніне ұйымдастырылған мерекелік шаралар өз мәресіне жетті. Қала күні мерекесіне орай Қазақстан мен Ресей эстрадасының жұлдыздарының қатысуымен өткен гала-концерт 20 мыңға жуық көрермен жинады. Халық алдында Атырау қаласының әкімі Алимұхаммед Құттұмұратұлы қала дамуының оң динамикасын атап өтті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Биыл Атырауда рекордтық тұрғын үй , қала маңындағы ауылдық округтерде жаңа жолдар салынатын болады және балабақшалар мен мектептердің құрылысы белсенді жүргізілуде. Көшені жарықтандыру бойынша жобалар іске асырылып, қоғамдық көлік тұжырымдамасы енгізілуде. Қалада шағын және орта бизнес субьектілерін дамыту үшін барлық жағдайлар жасалып отыр. Бүгінгі күні отандық компаниялар мен жер қойнауын пайдаланушылардың әлеуметтік жауапкершілігінің арқасында қала күн сайын көркейіп келеді. Атыраулық барша тұрғындарды қала күнімен құттықтаймын және Сіздерге және отбасыларыңызға денсаулық пен бақыт тілеймін», -деді Алимұхаммед Құттұмұрат-ұлы.

Сонымен қатар , облыс орталығында Әлеуметтік және қайырымдылық жобаларды жүзеге асыратын демеуші компаниялар мен меценат кәсіпкерлер марапатталды. Елбасының "Болашақка бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында кәсіпкер Ибрагим Ақдрашев , депутат Әлібек Семғалиев, "Өмір гүлі" ансамблінің жетекшісі Таныш Жакупова, "КТК және К" компаниясының және «Wheels brothers» мотоклубының өкілдері түрлі номинацияларда марапатталды.

Көрермендер алдында аймақтың жергілікті шығармашылық ұжымдары, сондай - ақ, қазақстандық және ресейлік эстрада жұлдыздары - Мәдина Сәдуақасова, Райм мен Артур, Natan және MBand өнер көрсетті. Мереке соңында 20 мыңға жуық көрермен музыкалық от шашуды тамашалады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер